Ақтөбелік шенеунік мүгедектерден миллиондап пара алды деген күдікке ілінді

Ulysmedia

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитеті департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Антикор мәліметінше, ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу соты күдіктіні «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.