Жамбыл облысында әділет кеңесшісі пара алу кезінде ұсталды

Ulysmedia

Жамбыл облысында әділет кеңесшісі пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің бесінші басқармасы ҚР Бас прокуратурасы ІТД-мен бірлесіп, өтелмеген жазасының бөлігі бойынша сотталған адамды босатуға қатысты оң шешім шығаруы үшін 3 млн теңге ақшалай пара алу кезінде мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің аға прокуроры, әділет кеңесшісі Жақыпов Ғалымжанды ұстады.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.