«Үлкен жетілік» Ресейге санкцияны күшейтіп, Украинаға қару-жарақ жеткізуді арттыруға уағдаласты

Ulysmedia
ngu.com.ua

«Үлкен жетілік» елдерді Францияда өткен саммитте Украинаға көмек берудің жаңа тетіктері және Ресейге санкция салуды күшейту бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

G7 елдері Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға қару-жарақ жеткізуді арттыруға келісті. «Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Ресейдің әскери экономикасына, әсіресе мұнай-газ секторына қысымды күшейтуге уағдаласты.

Сонымен қатар, саммитке қатысушылар Украинаны қолдауды жалғастыратынын растап, заманауи қару-жарақ пен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізуді ұлғайтуды жоспарлап отыр. 

Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын ашуға бағытталған АҚШ–Иран келісіміне қол жеткізілгенін хабарлағаннан кейін қабылданды. 

Контекст

«Үлкен жетілік» G7 саммиті 15 маусымда басталған. Франция, Ұлыбритания, Канада, Германия, Италия, Жапония, АҚШ және Еуропалық одақ басшылары Таяу Шығыс және Украинадағы әскери қақтығыстарды талқылады. Саммитке Украина президенті Владимир Зеленский де шақырылды.