Енді ғана аттестат алып жатқан «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтбаев алдағы күндері ресми түрде лондондық «Челси» сапына ауысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
24kz жазуынша, қазақ футболы үшін тарихи сәт жақындап келеді. Дастан Сәтбаев Англияның алпауыт командасымен бірге жаңа дәуірге қадам басқалы тұр. Ол кеше алматылық жанкүйерлерінің алдында соңғы матчын өткізіп, дубль авторы атанды. Жиналған қауым құрметтеп, қошеметтеп шығарып салды.
Дастан Сәтбаевтың есімі кейінгі 2 жылда қазақ футболының басты жаңалығына айналды. Былтыр ақпан айында лондондық «Челси» алматылық «Қайратпен» ойыншының трансфері бойынша келісімге келіп, жалпы құны 4,3 млн еуроға сатып алған болатын. Келісімшарт мерзімі 5 жыл.
- Бізге «Челсиден» хат келді. Олар осы айдың 29-ы күніltl3 Аустралиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанады екен. Сондықтан хатта Дастанның 26-сы күні Лондонға келгені жөн деп жазылған. Біз бұл өтінішпен толық келістік. Ешқандай қарсылығымыз жоқ. Ол 21-і күні сырт алаңда болатын бір матчқа қатысуы мүмкін. Әрі қарай 5 күн демалыс береміз. Дастан 26-сы күні анасымен бірге Англияға ұшып кетеді”, – деді «Қайрат» ФК президенті Қайрат Боранбаев.