Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қазақстан футбол федерациясы бұл жаңалықты өкінішпен қабылдағанын атап өтті.
“Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты. ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді”, – делінген Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада.
Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғасады.
Талғат Байсуфинов 2026 жылдың қаңтарында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған.