Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Ulysmedia
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.