Астанада 85 жыл бұрынғы рекорд жаңартылды

Ulysmedia
Фото:depositphotos.com/ Curioso_Travel_Photography

23 маусымда Астанада осы күн үшін жаңа температуралық рекорд орнатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ 

“Қазгидромет” РМК хабарлауынша, ауаның ең жоғары температурасы +36,8°C-қа жетіп, алдыңғы рекордтан 0,4°C-қа жоғары болды. Бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары көрсеткіш +36,4°C болып, бұл көрсеткіш 85 жыл бұрын 1941 жылы тіркелген еді.

Бұған дейін шілдеде Қазақстанның кей өңірлерінде 50 градусқа дейін ыситыны хабарланды.

Еуропа елдерінде де аптап ыстық сақталып отыр.