Румыния парламенті Молдованы өзіне қосып алу туралы заң жобасын мақұлдады

Ulysmedia
Reuters

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдованы өзіне қосып алу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.

«ҮНСІЗ КЕЛІСІМ»

«SOS Romania» партиясы ұсынған Румыния мен Молдованы біріктіру туралы заң жобасыy парламентінің төменгі палатасы мақұлданды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, заң жобасына қатысты «үнсіз қабылдау» рәсімі қолданылған. Бұл тәртіп бойынша бастама 45 күн ішінде пленарлық отырыста қаралмай әрі кері қайтарылмай қалса, автоматты түрде мақұлданған болып есептеледі.

– Румыния парламенті Молдова Республикасымен бірігу туралы шешім қабылдайды. Румыния парламенті ел үкіметіне Молдова Республикасымен бірігуді түпкілікті рәсімдеу мақсатында Кишинев билігімен шұғыл түрде келіссөздер бастауды тапсырады, – делінген заң жобасында.

Заң жобасын толықтай қабылдау үшін оны Сенат мақұлдауы тиіс.

«ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛДАУЫ»

Молдова президенті Майя Санду биыл қаңтарында Молдованың Румыниямен бірігу мәселесін ашық қолдайтынын мәлімдеген.

– Егер мұндай мәселе бойынша референдум өткізілсе, мен Румыниямен бірігуді қолдап дауыс берер едім. Әлемде не болып жатқанын қараңыздар, Молдова сияқты шағын мемлекет үшін демократиялық ел, егемен мемлекет ретінде өмір сүру және Ресейге қарсы тұру барған сайын қиындап барады», – деген Майя Санду британдық The Rest is Politics подкастына берген сұхбатында.

ҚОЛДАУ МЕН ҚАРСЫЛЫҚ

Соңғы жылдары Молдовада Румыниямен бірігуді қолдайтындардың саны айтарлықтай артқан. Бұл үрдіс әсіресе Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жалғасып жатқан жағдайда күшейе түскен.

Биыл наурызда жүргізілген сауалнамаға сәйкес, Молдова азаматтарының шамамен 42 пайызы Румыниямен бірігу идеясын қолдайды, ал 47 пайызы оған қарсы.

Румынияда бұл бастаманы қолдау деңгейі едәуір жоғары. Халықтың шамамен 72 пайызы екі елдің бірігуін қолдап дауыс беруге дайын.

Статистика бойынша қазірдің өзінде Молдовадағы шамамен 2,4 миллион халықтың үштен бірінде Румыния паспорты бар.

Соңғы жылдары Румыния Молдованың ең ірі сауда серіктесіне айналды. Сондай-ақ Бухарест Кишиневке Ресейдің энергетикалық ресурстарына тәуелділіктен арылуға көмектесіп, елді еуропалық энергетикалық желілерге қосылупроцесіне қолдау көрсетті.