Астанада тұрғын үйдің лифтін бүлдірген ер адам 1,5 млн теңге төлейтін болды

Ulysmedia
видеодан скрин

Астанада 34 жастағы ер адам мас күйінде тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтілерді әдейі бүлдіріп, 1,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Астанат қаласы полиция департаментінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінде мас күйінде ер адам қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, үйдің ортақ мүлкіне зиян келтірген. Ол алдымен бір лифттің, кейін екіншісінің есігін күш қолданып бұзып, теуіп және қолымен соғып, көтергіш жабдықты істен шығарған.

“Салдарынан жалпы шығын 1,5 миллион теңгеге бағаланды. Аталған факті бойынша бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды”, – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарға өзгенің мүлкін бүлдіру заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.