Украинаның дрон шабуылынан соң Ресейдің Полтавская мұнай базасы өртке оранды

Ulysmedia
Фото: Roman Sokolov/TASS/imago images

Украинаның дрон шабуылынан кейін Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Полтавская мұнай базасы өртке оранды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Ресейдің Краснодар өлкесіне қарасты Красноармейск ауданындағы Полтавская мұнай базасында 25 маусымға қараған түні дрон шабуылынан кейін өрт шықты. Бұл туралы аудан басшысы Александр Харитонов хабарлады.

Харитоновтың айтуынша, өртке әуе қорғаныс күштері атып түсірген дрон сынықтарының мұнай базасы аумағына құлауы себеп болған.

Ол сондай-ақ Полтавская станицасы мен Трудобеликовский хуторын жалғайтын тас жол уақытша жабылған.

Украинаның Exilenova+ Telegram-арнасы шабуылдан кейін Полтавская мұнай базасында үш бірдей резервуардың өртенгенін хабарлады.

Ресей билігі өртті атып түсірілген дрон қалдықтарының құлауымен байланыстырса, Украина тарапы дрондардың тікелей соққысынан болды дейді.

Astra Telegram-арнасының мәліметінше, Полтавская мұнай базасы Краснодар өлкесі мен АдыгейРеспубликасының бір бөлігін жанармаймен қамтамасыз ететін өңірлік маңызы бар нысан.

– Полтавская мұнай базасында шамамен 28 резервуар бар, – деп жазды Astra Telegram-арнасы.

Контекст

Бұған дейін Украина Ресей аннексиялап алған Қырымдағы Севастополь қаласы мен Ресейдің Нижегород және Белгород сияқты бірқатар облыстарына дронмен шабуыл жасаған. Салдарынан Севастополь қаласы жарықсыз қалып, Нижегород облысында екі адам қаза тауып, тағы екі адамның жараланғаны хабарланған.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, түнде әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Ресейдің 12 өңірі, аннексияланған Қырым және Қара теңіз үстінде ұшып жүрген 269 украиналық дронды атып түсірген.