Журналистерге Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
«Time kz» желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке;
«Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге;
«NewTimes kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа;
«Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
«Baq kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға;
«Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға;
контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға;
«Zakon kz» ақпарат агенттігінің тілшісі – Екатерина Алексеевна Елисееваға тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
«Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;
«Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына;
«Abai kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына жарияланды.
Контекст
Айта кетейік, бұған дейін Президент грантының көлемі 3-5 миллион теңге екені айтылған.