БАӘ-ге сапарлау қауіпсіз бе - СІМ жауабы

Ulysmedia
Фото: Depositphotos.сom

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қазақстан азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сапарлауы дұрыс па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ 

Ресми өкілдің айтуынша, министрлік өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзара тиімді шешімдердің тезірек қабылдануына үміт білдіреді.

«Сонымен бірге жағдай толық тұрақтанғанға дейін сақтық танытқан жөн деп есептейміз. Осыған байланысты азаматтарға өңір елдеріне қажетсіз сапарлардан бас тартуға кеңес береміз», – деді Жетібаев брифингте.

Контекст

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы 20 маусымнан бастап Алматы–Дубай бағытындағы тұрақты рейстерді, ал 10 шілдеден бастап Астана бағытындағы рейстерді қайта іске қосты. Иран әуе кеңістігі жабық болғандықтан, ұшақтар Пәкістан арқылы ұшады.