Алматы облысында полиция Серікжан Біләштің әпкесін ұстады

Ulysmedia
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында полиция АҚШ-та тұратын белсенді Серікжан Біләштің әпкесінің үйін тінтіп, өзін алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Азаттық радиосының жазуынша, 26 маусымға қараған түні Алматы облысында полиция Бәтиқа Біләштің үйін тінтіп, өзін Қонаевтағы басқармаға алып кеткен.

Бәтиқа Білйштің күйеуі Амантай Ағидолла әйелінің не үшін ұстағалғанын білмейді. Оның сөзінше, полиция үйден істемей қалған ұялы телефон мен бірнеше Құранды тәркілеген.

– Шамамен 20 шақты адам: арасында арнайы жасағы бар, полициясы бар, барлығы келіп, камераға түсіріп кетті. Үйді тінтті. Бәтиқаны алып кетті. Оны нақты қашан ұстағанын білмеймін. Топшылауымша, сағат 6-7 лерде үйден алып кеткен сияқты. Полицияға апарып, одан кейін қайта үйге келді. Тінтті. Сағат 23.00-ден асқанда Қонаевқа полиция департаментіне алып кетті, – деді ол.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты анықтап көретінін айтты.

Бәтиқа Біләш – АҚШ-та тұратын Қытайдың Шыңжаң аймағындағы аз ұлттарға жасалып жатқан қысым жөнінде айтып жүрген белсенді Серікжан Біләштің әпкесі. Оның ұсталуының оған қатысы бар-жоғы белгісіз.