Мобильді аударым:Салық органдарынан хабарлама келгенде не істеу керек?

Ulysmedia
Фото:depositphotos.com

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың І тоқсанындағы банктік операциялар бойынша кәсіпкерлік қызметтен табыс табу белгілері бар деп танылған азаматтарға ақпараттық хаттар жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, мұндай хаттар бір уақытта бірнеше шартқа сай келген тұлғаларға жіберіледі. Үш ай қатарынан әр айда жеке шотқа 100 және одан да көп адамнан ақша түсуі, шоттың кәсіпкерлік қызметке арналмауы және жалпы кірістің 12 ең төменгі жалақыдан асуы тіркелсе, ол адам тексеріледі. 

Комитет мұндай хаттың жауапкершілікке тартуды білдірмейтінін, оның тек түсіндіру сипатында екенін мәлдімдеді. Азаматтарға салық заңнамасына сай өз қызметін ретке келтіруге мүмкіндік беріледі.

Егер сіз осындай хат алған болсаңыз және іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыссаңыз, алынған табысты заңдастыру қажет. Ол үшін:

егер бұрын тіркелмеген болсаңыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;

алынған табысты тиісті салық есептілігінде көрсету;

салық міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындау қажет.

Салық төлеушінің мәртебесіне байланысты табыстар төмендегідей көрсетіледі.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған арнайы салық режимін (мобильді қолданба түбіртектері жасалмаған сомаларға қатысты) қолданатын жеке тұлғалар 2026 жылға арналған Кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) табыстарын көрсетуге тиіс. Декларацияны 2027 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін тапсырып, жеке табыс салығын 2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін төлеуі қажет.

Кәсіпкерлікпен айналыспайтын азаматтар немесе сұрақ туындаған жағдайда 1414 байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуі қажет.