Ресей аннексиялап алған Қырым мен Севастопольдің оккупациялық билігі жанармай мен азық-түлік тапшылығына байланысты түбекте төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Төтенше жағдай режимі 26 маусымнан бастап күшіне енді. Оның қашанға дейін жалғасатыны әзірге жарияланған жоқ.
– Бұл шешім, ең алдымен, экономикалық сипаттағы мәселелерді жүйелеу мақсатында қабылданды. Төтенше жағдай халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланың тұрақты жұмысын ұйымдастыруға қатысты міндеттерді барынша жедел шешуге мүмкіндік береді», – деді Қырымның Ресей тағайындаған басшысы Сергей Аксенов.
Севастополь губернаторы Михаил Развожаев электр жарығының жағдайы әлі де күрделі күйде қалып отырғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, төтенше жағдай режимі билікке азаматтардың жүріп-тұруын шектеуге, кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтатуға және қажет болған жағдайда тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялауға құқық береді.
– Төтенше жағдай режимі ахуал жақсарғанға дейін күшінде болады, – деді Развожаев.
Контекст
Украина кейінгі уақыттары Ресей мен Қырымға дрон шабуылын үдеткен. Салдарынан аймақта жанармай және азық-түлік тапшылығы пайда болған.