"Қазгидромет" РМК 30 маусым – 2 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Синоптиктердің боолжамынша, алдағы күндері белсенді циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы, желдің екпінді күшеюі күтіледі. Республика бойынша қатты жаңбыр болжанады.
Күндізгі ауа температурасы батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +18...+28 °C-қа дейін төмендейді, солтүстік өңірлерде +22...+30 °C болады. Оңтүстікте аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіліп, ауа температурасы +23...+35 °C аралығында болады.
Ал Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында ыстық ауа райы әлі де сақталады. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38 °C-қа дейін көтеріледі.