Алматыда базар сатушыларына 25 миллион теңге айыппұл салынды

Ulysmedia
Фото: gov.kz

Алматыдағы «Барыс-4» көтерме базарында кешенді тексеріс жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ 

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бақылау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің сақталуына, баға белгілеу тәртібіне, тауарларда баға көрсеткіштерінің болуына және өнімсіз делдалды анықтауға басымдық берілді.

“Тексеру барысында 1 025 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 717 кәсіпкер тауар бағасын теңгемен көрсетпеген, ал 308 кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар өнімдерге белгіленген 15% сауда үстемесін асырған.Жалпы салынған айыппұл көлемі 25 миллион теңгеден асты”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 18 делдалдық схема анықталып, олардың қызметі тоқтатылды. Тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.