"Оксфорд пен Кембриджде оқысам да"... Ардақ Назаров Парламент жайлы не деді?

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров депутаттық қызметі аяқталғаннан кейін немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ардақ Назаров депутаттық қызметінің аяқталуына байланысты журналистердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта өзін басқа салада көргісі келетінін жеткізді. 

“Әзірге депутаттық қызметімді жалғастыру жөнінде ешкіммен ақылдасып, арыз берген жоқпын. Екі қолға бір күрек деген сөз бар. Бұрыннан айналысып жүрген шаруаларым бар, спорт бар, өзімді басқа салада көргім келеді. Үш жылда саяси тәжірибе жинадым. Көп елге жанашыр азаматтармен істес болдым. Алдағы уақытта да ел игілігі үшін қызмет ете беремін”, – деді Ардақ Назаров. 

Журналистер қандай заңдардың шығуына атсалысқанын, ешкімге реніші жоқ па екенін де сұрады.

- ЛГБТ, лудомания бойынша шешімін тапқан мәселелер бар. Ешқанддай өкінішім жоқ. Ризамын барлығына сіздерге де рахмет. Сіздер арқылы да халықа танылдық. Үш жылдың ішінде үлкен тәжірибе алдық. Қолымыздан келгенше отанға қызмет жасадық.  Депутаттық мандат маған үлкен тәжіибе берді. Саясатты үйрендім. Мемлекет жұмысы қай бағытта кетіп бара жатқанын көрдім. Депуттатық мандат берген тәжірибені Оксфорд пен Кембриджде оқысам да ала алмас едім. Үлкен адамтану мектебінен өттім, – деді ол.

Контекст

1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, қазіргі Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады. Оның орнына бір палаталы Құрылтай жұмысын бастайды. Жаңа парламент сайлауы тамыз айына жоспарланған.