Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Ulysmedia
Ашық дереккөз

Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

 Айта кетейік, бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.