Қаңтар оқиғасы: Күдікті деп танылған жамбылдық Беларусьтан экстрадицияланды

Ulysmedia

Қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін күдікті деп танылған қазақстандық  Беларусь Республикасынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратураның мәліметінше, ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

“Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды.Қазақстанның заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, бұдан бұрын Таразда қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 5 азамат жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін айыпты деп танылған.