Павлодар облысында ТЖМ қызметкерлері Жасыбай көлінде суға батып кете жаздаған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Оқиға Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде болған. 112-ге суда батып бара жатқан адам туралы хабар түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы жүзу құралымен ер адамды судан алып шықты. Зардап шеккен адам 1959 жылы туған.
Жағаға шығарылғаннан кейін ТЖМ қызметкерлері бірден реанимациялық шаралар жүргізген. Алғашқы көмек көрсетілген соң ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ ескерту жасады
Ведомство су жағасында демалған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін еске салды. Мамандар өз мүмкіндігін асыра бағаламауға және тек арнайы жабдықталған орындарда шомылуға кеңес береді.