Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
6 шілдеде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Астана қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.
Бұл не білдіреді?
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.