Тоқаевтың ізбасары һәм вице-президент кім – Ұлыс апта

Ulysmedia

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті әрі қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.

Жаңа Ата заң күшіне енді. Тоқаевтың Конституциясынан халық не күтеді? Сарапшылармен талқыладық, елдің пікірін сұрадық.  

Сайлаудың күні айқындалды. Жаңадан Құрылтай құрылады. Парламентте популистер емес, мықты қайраткерлер отыруы үшін не істеу керек? Ел қалайтын депутаттар кімдер? Экс-депутаттар туралы елдің ойы қандай? 

Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылып, Ерлан Қарин Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Қазақстанның басты идеологына сарапшылар қандай баға беріп жатыр?

Осы науқанның басты интригасы – жаңадан жасақталмақ вице-президент лауазымына үміткерлер кімдер? Тоқаев кімге ставка қойып отыр?

Украина мен Ресей арасындағы соғыс та күрделеніп барады. Соңғы күндері шабуылдар күшейіп, бейбіт тұрғындар тағы да зардап шегіп жатыр. Зеленский «біз жеңіп жатырмыз» дейді. Шынымен де солай ма?

Ал ресейлік автожүргізушілер Қазақстаннан бөшкелеп бензин тасып, елдің берекесін кетіріп жатыр. Көрші елдегі жанар-жағармай дағдарысының Қазақстанға қандай қаупі бар? Бұл процестерді біз неге реттей алмай отырмыз?

Шолудың толық нұсқасын YouTube арнадан көріңіздер.