Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтінің видеосы тарады

Ulysmedia
Видеодан алынған кадр

Астана полициясы Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновті ұсталған сәтінің видеосын жариялады. Кадрлардан спортшының полиция бөліміне жеткізілгені, кейін қамауға жіберілгені көруге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Астана қаласы Полиция департаменті Елеусиновтің көлікті мас күйінде басқарғанын, бірден бірнеше жол апатын жасап, оқиға орнынан кетіп қалғанын еске салды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ол ұсталған.

– Әкімшілік іс қарау нәтижесінде сот жүргізушіні кінәлі деп танып, оған 20 тәулік әкімшілік қамау және көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айыру жазасын тағайындады, – деді Астана қаласы ПД өкілдері.

КОНТЕКСТ

Сот мәліметінше, Данияр Елеусінов бір сапар барысында үш жол апатына себеп болған. Алдымен оның Toyota көлігі жерасты автотұрағындағы қақпа тіреуіне соғылған. Кейін бір көлікпен соқтығысып, ол инерциямен тағы бір автокөлікті қағып кеткен. Одан соң тағы бір жол апаты болып, Kia Sportage көлігі Toyota Hilux көлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.

Сот отырысында боксшы өз кінәсін мойындады.

Данияр Елеусінов – Қазақстанның ең атақты боксшыларының бірі. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанып, 2013 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Сондай-ақ Азия ойындарында екі рет топ жарып, Азия чемпионы атағын екі мәрте иеленген.

Кәсіпқой бокста ол IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын және IBF Inter-Continental белдігін иеленген.