Көкшетаудағы Қопа көлінде 37 жастағы ер адам суға батып кетті. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай шомылуға тыйым салынған жерде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас болған.
Куәгерлердің айтуынша, суда ер адам мен әйел қатар бата бастаған. Жағалауда демалып жүрген адамдар әйелді судан шығарып үлгергенімен, ер адамды құтқару мүмкін болмаған.
Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін еске салды
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеуге және алкоголь ішкеннен кейін шомылмауға шақырды.
Құтқарушылар су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың көбі осы қарапайым талаптарды сақтамаудан болатынын атап өтті.