Ақмола облысында көлік суға кетіп, екі қыз қаза тапты

Ulysmedia
Ulysmedia.kz ЖИ

Ақмола облысында су маңында демалып жүрген 9 және 12 жастағы апалы-сіңлілі қаза тапты. Балалар отырған көлік белгісіз себеппен жағадан сырғып, суға кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Қайғылы оқиға 11 шілдеде Целиноград ауданындағы су басқан карьерлердің бірінің маңында болған.

Әлеуметтік желідегі мәліметке қарағанда, отбасы су айдынының маңында түнеген. Таңертең суға шомылғаннан кейін екі қыз киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған көлікке мінген.

Сол сәтте көлік кенет еңіспен төмен қарай сырғып, суға кеткен. Әкесі қыздарын құтқаруға бірден ұмтылғанымен, оларды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Көлікті құтқарушылар судан алып шықты

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, шақырту түскеннен кейін оқиға орнына Ақмола облысы мен Астананың құтқарушылары жеткен. Ол кезде мұнда полиция қызметкерлері де жұмыс істеп жатқан.

Апаттық-құтқару жұмыстары кезінде көлік су түбінен шығарылды. Оның ішінен екі баланың денесі табылған.

Қазір мамандар көліктің суға қалай түсіп кеткенін анықтап жатыр. Оқиғаны Ақмола облысының полиция департаменті тергеп жатыр.