49 млн оқырманы бар Энрике Иглесиас қазақ қызының туындысын бөлісті

Ulysmedia
Видео скрині

Кілемге портерт салумен танылған суретші Әсел Сабыржанқызының туындысын белгілі әнші өзінің Фейсбуктегі парақшасында бөлісті деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Суретші Энрике Иглесиастың Ring My Bells әнінің сүйемелдеуімен портреттің қалай салынғанын бейнелеген видео эпизод түсірген.

- Мен бұл картинаны Энрикеге өз қолыммен сыйлағым келеді. Пікірде оны белгілеп,  оны қалай асыға күтіп жүргенін бірге көрсетейік! Енді осы картинаны оған өз қолыммен табыстағым келеді. Келіңіздер, пікірге Энрикені белгілеп, оны Қазақстанда асыға күтіп жүргенімізді бірге көрсетейік! - деп жазды Әсел өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Бірер күн өткенде рилс видеоны Энрике Иглесиас байқап, өз парақшасында бөліскен.

- Баршаңыздың қолдауыңыздың арқасында Энрике менің видеомды байқап, оны 49 миллион оқырманы бар Facebook парақшасында бөлісті, -деп қуанышымен бөлісті суретші.

Еске салайық, Энрике Иглесиас биыл Қазақстанда екі концерт береді. Әлемдік жұлдық 3 қыркүйекте Астанада, 5 қыркүйекте Алматыда өнер көрсетеді.