Астанадағы жантүршігерлік жайт: кәріз құбырынан шала туған сәби табылды

Ulysmedia
ашық дереккөз

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде ортақ кәріз жүйесінен алты айлық шарана табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Threads желісіндегі tatarovna_ есімді қолданушының жазуынша, жақын маңдағы қонақүйге келген әйелдердің бірі нөмірде босанып, кейін сәбиді кәріз құбырына тастап жіберген.

Жазба авторы сондай-ақ шарананы үй тұрғындары кәріз жүйесін тексеру кезінде тапқанын айтқан.

— Оның кішкентай аяқтары біздің кәріз құбырында әлі ұзақ уақыт бойы бәріміздің түсімізге кіретін шығар. Шамасы, қыз баланы унитаз арқылы құбырға жіберіп, кішкентай дене қаланың кәріз жүйесінде жоғалып кетеді деп ойлаған. Бірақ біздің құбырлардың ескі шойыннан жасалғанын ескермеген, — деп жазды астаналық тұрғын әлеуметтік желіде.

Ulysmedia.kz ресми түсінік алу үшін Астана қаласының полиция департаментіне сауал жолдады.