Путин Украинадан айырылып қалды – Байден

Ulysmedia

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путин "Украинадан айырылды" деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Путиннің бірде-бір мүмкіндігі жоқ – ол Украинадан айырылды. Ол Украинаға басып кірсе, біріншіден, әрбір орыстілді адам оны жылы шыраймен қарсы алып, "кіріңіз" деп айтады деп ойлады. Екіншіден, ол НАТО ыдырайды, ештеңе жасамай алмайды, олар әрекет етуден қорқады деп кәміл сенді", - деді Байден.

Байденнің сөзінше, Путин не ойласа да НАТО Украинаны қолдау үшін қолдан келгенді жасайды.

24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл толады. Содан бері АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі шамамен 28 миллиард доллардан асты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Украинаның саяси және әскери сарапшысы Алексей Арестович соғыс кезінде көмек қолын созған Қазақстанға алғысын білдірді.