Алакөлде болған оқыс жағдайдан кейін әйел адам екі аяғынан айырылған

Ulysmedia
Фото: Криминальный Казахстан.

Алакөлде болған екі бірдей қайғылы оқиғаға байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алакөл көлінің жағасында болған екі оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалып, барлық мән-жай анықталуда.

Ведомствоның хабарлауынша, Көктұма ауылындағы Алакөл жағалауында болған оқиға бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

БАҚ мәліметінше, 16 шілде күні кешке Алакөлде демалып жүрген 69 жастағы әйел кері жүріп келе жатқан катердің пропеллеріне түсіп қалған. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның екі аяғын ампутациялауға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ, БАҚ-тың хабарлауынша, 17 шілдеде Алакөлде екі гидроцикл соқтығысқан. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған.

Полиция су көлігін пайдалану кезінде, әсіресе халық көп демалатын орындарда, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.