Ulysmedia.kz порталының бұған дейін жариялаған ақпараты расталды. Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
МӘН-ЖАЙ
Бұған дейін Ulysmedia.kz бұл тағайындау туралы алдын ала хабарлаған еді. Елші қызметіне дейін Ералы Тоғжанов премьер-министрдің кеңесшісі болды. Әр жылдары премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының әкімі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ кейінгі уақытта Joryq республикалық ат спорты федерациясының қамқоршылық кеңесін басқарды.
Өзбекстандағы елші қызметінде Ералы Тоғжанов 2022 жылдан бері дипломатиялық миссияны басқарған Бейбіт Атамқұловтың орнына келді. Мемлекет басшысының жарлығымен Бейбіт Атамқұлов атқарып отырған қызметінен босатылды.
СОНДАЙ-АҚ...
Сонымен қатар Президент дипломатиялық корпуста бірқатар өзге де кадрлық тағайындаулар жасағанын жазғанбыз.