Құрылтай сайлауына бір ай қалды: Қазақстанда үгіт-насихат науқаны басталды

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда 23 шілдеден бастап Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлаушылардың қолдауына ие болуға бір ай берілді

Бүгіннен бастап саяси партиялар мен кандидаттар сайлаушылармен кездесулер өткізіп, үгіт материалдарын таратып, сайлауалды бағдарламаларын таныстыра алады. Үгіт-насихат жұмыстары дауыс беру қарсаңындағы тыныштық күніне дейін жалғасады.

Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.

Жаңа Конституциядан кейінгі алғашқы сайлау

Бұл - 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Құрылтайға өткізілетін алғашқы сайлау.

Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партиядан ұсынылған 546 кандидатты тіркеді. Ең көп кандидат ұсынған «Әділет» партиясының тізіміне 186 адам енген.

Respublica партиясынан - 76, Қазақстан Халық партиясынан - 72 кандидат тіркелді. «Ауыл» партиясы 69 адамды, «Ақ жол» - 63, «Байтақ» партиясы 47 кандидатты ұсынды. Ең қысқа тізім Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға тиесілі - 33 кандидат.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 86 өкілі аккредитациядан өткен.