Алматының екі ауданында газ уақытша өшіріледі

Ulysmedia
pixabay

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарында 27–31 шілде аралығында газ уақытша өшіріледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл газ желілерін қайта орналастыру жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Жұмыс Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізіледі. Бұған байланысты диаметрі 520 және 720 миллиметр болатын жоғары қысымды газ құбырларын қайта жүргізу қажет.

Газ 27 шілде сағат 09:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін берілмейді.

Уақытша шектеу Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Құрылысшылар көшесі, Мөңке би және Фариза Оңғарсынова көшелері аралығындағы аумақты қамтиды.

"Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, қажет дайындық шараларын алдын ала қабылдауды сұраймыз", - делінген хабараламада.