«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, ҚПЛ турнир кестесінің көшін бастады

Ulysmedia
"Қайрат" футбол клубы

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 19-турындағы орталық кездесуде шымкенттік «Ордабасыдан» басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматының Орталық стадионында өткен матч алаң иелерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Ойынның 14-минутында есеп ашылды. Испаниялық шабуылшы Марк Гуаль бұрыштамадан берілген допты баспен қақпаға бағыттап, командасын алға шығарды. Үзілістен кейін алматылықтар есеп айырмасын ұлғайтты. Ойва Юккола алыстан дәл соққы жасап, «Қайраттың» басымдығын арттырды.

Қонақтар Берн Йонсеннің голының арқасында есеп айырмасын қысқартқанымен, шымкенттік команда жеңілістен құтыла алмады.

ТУРНИР КЕСТЕСІ

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 44 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Ал «Ордабасы» 42 ұпаймен екінші орында. Дегенмен шымкенттік клубтың бір ойыны қосалқы құрамда бар.