Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.
– Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды, – делінген хабарламада.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Еске салайық, бұған дейін президент жарлығымен Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылғанын, оның орнына Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған Есет Байкен басшы болып тағайындалғанын хабарлаған едік.