Дастан Сәтбаев «Челсидің» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шығады

Ulysmedia
әлеуметтік желі

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубының Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өтетін жолдастық матчқа арналған негізгі құрамына енді. Бұл – 17 жастағы футболшының ағылшын клубының негізгі командасы сапындағы алғашқы ойыны.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кездесу 28 шілде күні Сиднейдегі «Аккор» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады.

Маусым алдындағы турне барысында Сәтбаевқа 36-нөмірлі жейде берілген.

НЕГІЗГІ ҚҰРАМ

«Челсидің» негізгі құрамында Тедди Шарман-Лоу, Джош Ачимпонг, Тайо Субулойе, Тосин Адарабиойо, Лэндон Эменало, Дариу Эссугу, Реджи Уолш, Реджи Уотсон, Лиам Делап және Райан Кавума-Маккуин де алаңға шығады.

АНГЛИЯ КЛУБЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

Еске салайық, Дастан Сәтбаевтың «Челсиге» ауысқаны былтыр белгілі болған еді. Алайда ол 2026 жылдың маусым айында ғана «Қайраттан» кетіп, Лондон клубына ресми түрде қосылды.

17 жастағы Сәтбаев – Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ресми матчтарда ең жас гол соққан футболшы. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол авторларының алғашқы ондығына кіреді.

Transfermarkt порталының мәліметінше, қазіргі таңда Дастан Сәтбаевтың трансферлік құны 3,5 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл – Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Айта кетейік, Англия Премьер-лигасының жаңа маусымы 24 тамызда басталады. Қазір «Челси» Австралия мен Азиядағы маусым алдындағы турнесін өткізіп жатыр. Сиднейдегі кездесу – клубтың алдағы бес жолдастық ойынының алғашқысы.