КҚК-да мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды – Энергетика министрлігі

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылынан кейін мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Министрліктің мәліметінше, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы мұнай тиеу жұмыстарын аяқтап жатқан сәтте тиеу манифольды ауданында дрондардың шабуылына ұшыраған. Осыған байланысты КТК қауіпсіздік мақсатында мұнай тиеу операцияларын алдын ала тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Сонымен қатар тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КТК теңіз терминалынан 6-7 теңіз милі қашықтықта дрон шабуылына тап болған.

– Алдын ала мәлімет бойынша, экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Мұнайдың теңізге төгілуіне жол берілмеген, – делінген хабарламада.

Шабуылдан кейін тұтанған өрт КҚК үш буксирінің көмегімен толық сөндірілді.

Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы аумағында екі бірдей танкерге дрондар шабуыл жасағанын хабарлаған едік. Олардың бірі сол сәтте «Теңізшевройл» мұнайын қабылдап жатқан