Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Қостанай – Қарабұтақ тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жайы
Жол апаты Бейімбет Майлин ауданындағы Валерьяновка ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chery Cowin көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mazda 626 көлігімен соқтығысқан.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар
Соқтығыс салдарынан Chery Cowin жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Chery көлігіндегі тағы үш жолаушы мен Mazda жүргізушісі әртүрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
Жол апатына байланысты соталды тергеу басталды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.