Тоқаев ОА елдерінің басшыларымен бірге F1H2O әлем чемпионатының шымылдығын ашты

Ulysmedia
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларымен бірге Қырғызстанда алғаш рет өтіп жатқан UIM F1H2O су-мотор спорты бойынша әлем чемпионаты кезеңінің ашылу рәсіміне қатысты. Жарыс Ыстықкөлде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Жарыс басталар алдында мемлекет басшылары чемпионатқа қатысушылармен кездесіп, оларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, бәйгеге қатысатын жарыс қайығын көрді.

Одан кейін президенттер символикалық старт тетігін бір мезетте іске қосып, «Қырғыз Республикасы – Ыстықкөл 2026 Гран-приі» әлем чемпионаты кезеңін ресми түрде ашты.

Жарысқа әр елден келген спортшылар қатысып жатыр

Сайысқа БАӘ, Аустралия, Канада және басқа да мемлекеттерден сегіз команда мен 18 пилот қатысып жатыр.

Қырғызстан мұндай деңгейдегі әлемдік жарысты алғаш рет өткізіп отыр. Ел билігі бұл доданы жылдың ең ірі халықаралық спорттық және мәдени оқиғаларының бірі деп бағалады.

Қырғызстандағы көшбасшылар саммиті

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барған еді.