1 тамызда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында жеті орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өрт қай өңірлерде шықты?
Ведомство мәліметінше, үш өрт Ақмола облысында, екеуі Қостанай облысында тұтанған. Тағы бір өрт ошағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелді.
Өрттердің барлығы «Қазавиаорманқорғау» мамандарының әуеден бақылауы және мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жерүсті тексерістері кезінде анықталған.
Барлық өрт сөндірілді
Өртті сөндіруге орман шаруашылығының қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» мамандары және арнайы техника жұмылдырылды.
Экология министрлігі жеті орман өрті де толық сөндірілгенін хабарлады.
Контекст
Еске салайық, шілденің аяғында Экология министрлігі айдың ортасынан бері сөндіріліп жатқан «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватындағы ірі орман өрті толықтай ауыздықталғанын хабарлаған еді.