Қазақстанның оңтүстігін аптап ыстық қысады

Ulysmedia
ЖИ/ Ulysmedia

Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігі мен шығысы циклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпіні күшті жел соғып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Ал елдің батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық күшейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстікті жаңбыр жауады

«Қазгидромет» мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен күн құбылмалы болады.

Солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарын найзағай ойнап, жаңбыр жауады, желдің күшейеді. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Жауын-шашынға қарамастан, ауа температурасы жайлы болады. Күндіз ауа +22...+27 градусқа дейін жылынады.

Оңтүстік күн қайта ысиды

Елдің батысы мен оңтүстігінде мүлде басқа ауа райы қалыптасады.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанға Иран жақтан жылы ауа массалары келеді. Соның әсерінен батыста ауа температурасы +34...+39 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстікте кей жерлерде +37...+42 градусқа дейін жетеді.