Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді. Нидерландтық маман Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Бұған дейін КФФ маманның ұлттық құраманы басқаруы жөнінде келісімге келгенін хабарлаған еді. Енді бапкердің тағайындалуы ресми түрде рәсімделді.
Джон ван ’т Шкип кім?
Джон ван ’т Шкип футболшы ретінде Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Нидерланд құрамасының сапында ойнап, 1988 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Бапкерлік мансабын «Аякс» жүйесінде бастаған. Кейін клубтың бас бапкері қызметін атқарды. Сонымен қатар «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларын жаттықтырды.
2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
Ұлттық құрамаларды да жаттықтырған
Халықаралық деңгейде ван ’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері болды.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы құрылды
Жаңа бас бапкердің жаттықтырушылар штабы да жасақталды. Оның көмекшілері – Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов.
Қақпашылар бапкері қызметіне Юрий Новиков, дене даярлығы бойынша бапкерге Вадим Боровский, ал сарапшы бапкер қызметіне Тимур Құсайынов тағайындалды.