Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын ауыстырды

Ulysmedia
Қорғаныс министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштеріндегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы ауысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Толығырақ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаевтың өкімімен Қайрат Дәуітов бұл лауазымнан босатылды. Айта кетейік, Қайрат Дәуітов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметін 2024 жылғы қыркүйектен бері атқарып келген.

Оның орнына Әділ Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.