Доллар 465 теңге деңгейінде тұрақтады

Ulysmedia
istockphoto.com

Бірнеше күн қатарынан төмендеген доллар бағамы бүгін айтарлықтай өзгермеді. 13 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ валютасының орташа бағамы 465,04 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Толығырақ

Бір күн ішінде доллар небәрі 9 тиын арзандады. Алдыңғы күні оның бағамы 465,13 теңге еді. Еуро да аздап төмендеп, 536,45 теңге болған.

Ал рубльдің бағамы айтарлықтай төмендеді. Ол 1,25% арзандап, 5,5487 теңгеге түсті.

Контекст

Тамыздың басында доллар әлдеқайда қымбат болған. 3 тамызда оның бағамы 475,23 теңге еді. Содан бері америкалық валюта 10,19 теңгеге арзандады.

Кейінгі күндері доллар бағамының төмендеу қарқыны бәсеңдеп келеді. 11 тамызда доллар 30 тиын, 12 тамызда 69 тиын арзандаса, бүгін небәрі 9 тиын төмендеді.