Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады

Ulysmedia
UWW

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальді грек-рим күресінің өкілі Қазыбек Қалмағамбетов (67 келіге дейін) салды.

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болса, Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) және Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) қола медаль алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.

Бұған дейін

 

Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында командалық сайыста жеңіске жеткенін хабарлаған едік.