10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында денесі табылған әйел Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова екені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Марқұмның Жанар Жақсыбекова екенін Алматыдан келген туыстары растады.
«Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді» , – деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет көтерді.
Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік ұсынды.
Еске сала кетейік, өткен аптада СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Кахраманмарашта тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатқанын мәлімдеген.
Бұдан бұрын Түркияда қаза тапқан Қазақстан азаматтары Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті елге жеткізілген болатын.