Беларусь президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ (ОДКБ) елдерін нақты бір позицияны таңдауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Белта агенттігіне сілтеме жасап.
«Уақыты келер, көп қалған да жоқ. Бәлкім, ертең-ақ. Айқындалып, белгілі бір позицияны таңдауға тура келеді. Мен ұлттық мүдделерге қайшы демес едім, бірақ бірге қимылдау үшін біздің одақтарымыздың кемшілігі бойынша нақты бір саясатты, жолымызды табуымыз керек», – дейді ол.
Беларусь басшысы ҰҚШҰ-ға мүше елдердің арасындағы проблемаларды реттеу керектігін айтады.