Халық кеңесі қашан жасақталады

Ulysmedia
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесі қыркүйектің екінші жартысында жасақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мемлекет басшысының айтуынша, Халық кеңесі Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган болады.

– Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган, – деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, осылайша қысқа уақыт ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға жаңа серпін беріледі.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған еді.