Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
3 қыркүйек, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым аймағының ықпалында болады. Соның әсерінен күн райы негізінен құрғақ әрі бұлтсыз болады.
Суық ауа массасының ықпалы біртіндеп әлсірегендіктен, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Дегенмен солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түн әлі де салқын болады.
Елдің солтүстік-шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда найзағай ойнайды.
Күндіз батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +28…+33 °C-қа дейін көтеріледі. Солтүстік, шығыс және орталықта +23…+30 °C, оңтүстік-шығыста +20…+27 °C, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+15 °C болады.