Димаш Құдайберген қазақстандық актерге көлік сыйлады

Сырым Қаржас
instagram.com/oralov01

Димаш Құдайберген қазақстандық актер Кемеңгер Оралға автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Аңыздан көлік алдым»

Актер қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Сыйлық актердің туған күні мен премьерасы қатар келген ерекше күні жасалған.

– Кеше мен үшін сондай ерекше күн болды. Туған күнім, премьераның қуанышы… Ал сол күннің ең үлкен тосынсыйы — ағамның маған сыйлаған көлігі.

Аға, сізбен бірге жүрген осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, еңбегімді бағалап келе жатқаныңыздың өзі мен үшін үлкен бақыт. Бұл сіздің маған деген сеніміңіздің,адам ретінде, аға ретінде әрдайым қолдап жүргеніңіздің белгісі деп білемін.

Сізбен бірге, осындай ерекше сәттердің куәсі болып жүргенім — мен үшін өте үлкен мәртебе.

Ағайын Аңыздан көлік алдым сыйлыққа, құттықтап қойсаңыздар болады!,
– деп жазды ол.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін әнші Димаш Құдайберген Қазақ тазысы күніне орай Instagram парақшасында иттермен және Қазақстан президентінің тұлпарымен түскен суреттерін жариялаған еді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне тазы сыйлағанын айтып, оған Ғарышкер деген ат қойғанын айтты